Шымкентте 25 қазан – Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар мәдени-көпшілік және концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар мерекеге орай қаладағы келесі орындарда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді. Жәрмеңкеде күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары, атап айтқандаа ет, сүт өнімдері, дәнді дақылдар мен көкөністер тағы да басқа іздегеніңізді таба аласыз. Әр демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге келетін тұрғындардың қарасы қалың.
Атай айтқанда:
— 21 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында 2 жерде, яғни — «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында;
— 22 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында;
— 24 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұртас шағын ауданында №1/6 үйдің артындағы автотұрақ аумағында («Стандарт Сити»);
— 25 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұрсәт-3 шағын ауданында №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында өтеді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Шымкент қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Шымкент қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Жәрмеңкеге бүгінге дейін тек Шымкент қаласы тұрғындары ғана емес, қалаға жақын орналасқан ауылдар да келеді.
25 қазан – Республика күні мерекесінде Түркістан қаласында жалпы білім беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №35 мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. – Алдымен баршаңызды Республика […]
Әні, міне дегенше 25 қазан — Республика күні де жақындап қалды. Сүйікті Отанымызға айтар кеп көп, тілек көп. Барша Отандастарымызды осынау мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Боксқа кешегі, бүгінгі өлшеммен қарағанда өте кеш келдім. Жасөспірімдер […]
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс […]
Пікір қалдыру