Шымкентте 25 қазан – Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар мәдени-көпшілік және концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар мерекеге орай қаладағы келесі орындарда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді. Жәрмеңкеде күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары, атап айтқандаа ет, сүт өнімдері, дәнді дақылдар мен көкөністер тағы да басқа іздегеніңізді таба аласыз. Әр демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге келетін тұрғындардың қарасы қалың.
Атай айтқанда:
— 21 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында 2 жерде, яғни — «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында;
— 22 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында;
— 24 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұртас шағын ауданында №1/6 үйдің артындағы автотұрақ аумағында («Стандарт Сити»);
— 25 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұрсәт-3 шағын ауданында №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында өтеді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Шымкент қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Шымкент қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Жәрмеңкеге бүгінге дейін тек Шымкент қаласы тұрғындары ғана емес, қалаға жақын орналасқан ауылдар да келеді.
Республика күніне орай ұымдастырылған жарысқа 120 оқушы қатысты. Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы 25 қазан – Республика күніне орай «Жас жауынгер» әскери-патриоттық сайысын ұйымдастырды. «Машат-Арасан» демалыс аймағында өткен әскери жарысқа қаламыздағы 12 мектептен 120 оқушы […]
Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Республика күніне орайластырылған «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясында шымкенттіктер белсенділік танытты. Бүгінгі сенбілікте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағын тазартуға басымдық берілді. Көпшілік қураған ағаштарды кесіп-бұтап, демалыс аймағын ретке келтірді. Бұл […]
Қазақ елінің тарихында ұлт тағдырын айқындаған, рухымызды асқақтатқан айтулы күндер аз емес. Солардың бірі – 25 қазан, Республика күні. Бұл күн – Қазақстанның мемлекеттілікке бет алған алғашқы нақты қадамының белгісі, егемендікке бастар жолдың бастауы. 1990 […]
Пікір қалдыру