ШЫМКЕНТТЕ «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» коммуналдық мекемесі пайдалануға берілді. Үш қабатты орталықта бір мезетте 70 адамға қызмет көрсетіледі. Заманауи талапқа сай жадбықталған ғимаратта түрлі ем шараларын алып, демалу үшін барлық жағдай жасалған.
Демалушылар үшін ғимаратта арнайы электромагнитті терапия бөлмесі, дәрілік шөп тұнбалары ұсынылатын фито бар, сумен емдеу орталықтары, кітапхана, мәжіліс залы қарастырылған.
Орталықта жыл сайын 2 мыңнан аса ардагерге санаториялық қызметтер көрсетілетін болады. Санитарлы-гигиеналық, мәдени іс-шаралар демалушылардың денсаулығына, жас ерекшеліктері мен қызығушылығына қарай жүргізіледі.
Айта кетейік, қалада бүгінде 88 030 зейнеткер тұрады. Биылдан бастап шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен 10 күнге ұзартылды. Жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам еліміздегі түрлі шипажайларға жолдама алған.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін қаламызда зейнеткерлер мен қоғамға үлес қосқан ардагерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылған болатын. Ол орталықтың егізгі мақсаты – егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға және зейнет жасына жеткен азаматтарға, сонымен қатар зейнет жасына жетіп, денсаулық жағдайына байланысты емге мұқтаж қарттарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсету. Аталған жердің қызметі — Интернет-кафе, емдік-уқалау, физикалық-емдеу бөлмесі, кинозал, кітапхана, тренажер залы, йога, үстел теннисі, бильярд залдары және балаларға арналған ойын бөлмелері бар. Орталық тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында 70 қартқа арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді. Барлық қызмет тегін екен.
Жыл соңына дейін мыңнан аса зейнеткерді оңалту шараларымен қамту жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*