«Қазпошта» АҚ Шымкент филиалы жасы 65-тен азаматтардың зейнетақысын үйін жеткізіп береді

Бұл жөнінде «Қазпошта» АҚ Шымкент филиалының директоры Бақытжан Ысқақов мәлімдеді.

Ол үшін пошта бөлімшесіне келіп арыз қалдырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, онлайн арыз жазу керек емес. Бар болғаны қоңырау шалып, зейнетақыны үйге алдыруға болады.

«Бүгінде зейнеткерлеріміз біздің қызметкерлердің телефон номерлеріне қоңырау шалып, оларды жеке бет есебінен карточкалық есепке ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 65 жастан асқан әрбір зейнеткерге зейнетақысын үйіне алып бару мәселесін де қарастырдық. Ол жағынан ешқандай мәселе туындамайды. Мұндай қызмет түрі біздің тәжірибемізде бар. Біз бұған дейін де пенсияны үйге жеткізіп беру қызметін көрсеткенбіз. Қазіргі мынау қалыптсақан қиын жағдайға байланысты, біз мына 65 жастан асқан барлық зейнеткерлерге пенсиясын жеткізіп беруді жүзеге асырып жатырмыз»,- деді ол.

Айта кету керек, зейнетақы алатын азаматтар банк не пошта бөлімшесіне асқыпай келгені жөн. Өйткені, кезектің көп болуы індеттің жайылуына алып келеді. Ал, азаматтың есебіндегі ақша ешқайда жоғалмайды. Айдың қалаған уақытында ала алады. Сол себепті, еш уайымсыз үйінде отыр берсе болады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*