Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды.
Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі мен Еңбекші ауданында орналасқан «Т.Рысқұлов» гүлзарын қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтады.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштері аумағында, Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасындағы шөптерді орып, ағаштарды ретке келтірді. Орындықтарды сырлап, ирригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
-Тазалық – бұл тек экологиялық мәселе ғана емес, рухани тәрбиенің бір көрінісі. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға міндетті. Біздің акцияларымыз арқылы жастарға дұрыс үлгі көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз- дейді акцияға қатысушы қала тұрғыны.
Одан бөлек қазіргі уақытта қала аумағында орналасқан саябақ, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылды.
Қала тазалығын сақтау – барлық мегаполис тұрғынының парызы. Барша азаматтарды қоршаған ортаны ластауға жол бермей, экологиямызды таза ұстау үшін республикалық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясының ерекше маңыздылығын атап өткен болатын. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды біріктіріп, оларды туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіре алды.
Қытайдың Сиань қаласында шымкентттіктерге дәмді тағамдарымен кеңінен танымал «Жеті тандыр» дәмханасы ашылатын болады. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады. Сианьдағы халықаралық орталықта іргетасы қаланып жатқан «Жеті тандыр» дәмханасы 2-3 айда өз жұмысын […]
Шымкент қаласында осы жылы 6 840 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Еліміздің үшінші мегаполисінде биыл 8 470 түлек мектепті бітіргелі жатыр. Оның ішінде 6046-ы қазақ тілінде, 1545 оқушы орыс тілінде, ал қалған 879-ы өзбек тілінде мектепті аяқтайды. […]
Кәсіби міндеттерін атқара жүріп ауру жұқтырып қайтыс болған шымкенттік 9 медицина қызметкерінің отбасына мемлекеттік наградалары табысталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов әрқайсысының шаңырағына барып, көңіл айтып, туыстарына мемлекеттік ордендерді табыс етті. Өмірінің соңына дейін мамандығына адалдық […]
Пікір қалдыру