Шымкент: Індетпен күресте көз жұмған 9 медицина қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Кәсіби міндеттерін атқара жүріп ауру жұқтырып қайтыс болған шымкенттік 9 медицина қызметкерінің отбасына мемлекеттік наградалары табысталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов​ әрқайсысының шаңырағына барып, көңіл айтып, туыстарына мемлекеттік ордендерді табыс етті. Өмірінің соңына дейін мамандығына адалдық танытқан «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Ағзипа Тажденова 40 жыл ғұмырын медицинаға арнаған. 20 мыңнан астам науқасты емдеп сауықтырған дәрігердің отбасына көңіл айтқан қала әкімі марқұмның жолдасына I дәрежелі «Барыс» орденін дәрігердің жолдасына табыс етті.​ Елге келген індетпен күресте аянбай еңбек етіп, сырқаттарға шарапат сыйлаған шымкенттік​ медбике Гаухар Аштайқызы небәрі 49 жасында аурудан көз жұмды.​ №1 қалалық клиникалық аурухана МКК-ның аға медбикесі қызметін атқарған Гаухар Аштайқызы «Құрмет» орденімен наградталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар медцина қызметкерлеріне мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл ретте, дүниеден өткен дәрігерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олар өз кәсіптеріне адалдық танытты. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Әрқайсысы батыр деген атқа лайық. Барлық отбасыға әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетіледі,»- деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен бірге, «Шымкент — қайырымды қала» қорынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Кәсіби қызметін адал атқарып, көз жұмған шымкенттік медицина қызметкерлері төмендегідей мемлекеттік наградалармен марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:
Тажденова Ағзипа Насырқызы — «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
— Күрекбаева Бауыржан Ордабекұлы -​ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері

— Мамаев Хасым Махмудович -​ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері

— Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы — «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның дәрігері

— Әлмаханова Қафиза Батырханқызы – «№8 қалалық емхана» МКК-ның аға медбикесі

— Байменова Гаухар Аштайқызы — «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі

— Әуелбаев Тимур Айдарханұлы — «Жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері

Парасат» орденімен марапатталған:
Абдикулова Мариям Қабылбекқызы – «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:
Садиев Орынбасар Алипбекұлы — «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның бөлім меңгерушісі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*