42 500 ТЕҢГЕ: ХАЛЫҚҚА ҚИЫН СӘТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАСАЛУДА

«Бала күтіміне байланысты демалыста жүргендерді бөлек санатқа бөлмейміз. Олар да барлық азаматтар сияқты әлеуметтік төлемге өтініш бере алады». Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтқан болатын.

Бүгінгі күнде елімізде орын алып жатқан бүгінгі жағдайға байланысты бала күтіміндегі аналар да 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш біліп жатыр. Соның бірі шымкенттік  Ақбота Сағындықова екенін айта кеткен жөн. Ол мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік төлемнің карантин жағдайында көмегі зор болғанын айтады. Сол себепті, ел билігіне айтары тек алғысы ғана. 

— Мен бала күтімімен үйде отырған анамын. Елдегі төтенше жағдайға байланысты мемлекеттің тағайындаған 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алдық. Бұл — біз сияқты жас отбасыларға көрсетілген үлкен қолдау. Осынау қиын шақтарда дер кезінде жасалған қамқорлығы үшін Президентіміз Қ.Тоқаевқа бала күтіміндегі барша аналар атынан алғыс айтқым келеді, — дейді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*