Шымкенттегі 213 білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту форматына көшеді

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков және қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады.

Шымкент оқушылары үшін төртінші тоқсан ерекше форматта өтеді. Өйткені елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты балалар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп отыр.

– Миллионды қала оқушылары білім беру жүйесінің екі бағыты бойынша қамтылмақ. Оның бірі — Интернет платформа. Екіншісі — Телараналар арқылы, бұл ең тиімді әрі оңай тәсіл, — деп атап өтті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков баспасөз брифингінде.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, Шымкенттегі 147 мектептің 25-і жеке меншік.

– Білім басқармасы 222 мыңнан астам оқушының материалдық жағдайын саралап, оларды бірнеше топқа бөлді. 30364 бала аз қамтамыз етілген отбасыдан шыққан. Оның 17 мың 616 компьютер қажеттілігі туындаған. Бұл мәселені шешу мақсатында қала мектептеріндегі 10 192 компютер оқушыларға таратылып берілді. Ал, қалған 7424 балаға қажетті компьютер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2250,0 миллион теңге бөлінді. Ол қаржыға 9000 компьютер сатып алуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл жуық арада шешіледі, — деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*