Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында аталаған бағыттағы жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілсе, 15 аулада абаттандыру жұмыстары Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен тоқтатылған. Бұл аулаларда абаттандыру жұмыстарын келесі жылы жалғастыру жоспарлануда.
Соңғы 3 жылда аудан аумағында 42 ашық спорт алаңшасы салынған. Қазіргі таңда тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауданда 108 ашық спорт алаңшасы жұмыс істеп тұр.
2023 жылы бағдарламасы аясында Береке ш.а. 276 орамда және Жангелдин көшесі №14 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында 2 ашық спорт алаңшасы орнатылды.
Тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 66 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшасын орнату және 4 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.
Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы 2020 жылдан бастап қолға алынған. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға болатын жұмыстар тізімі: Аумақты көгалдандыру; Тротуарларды жайластыру; Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу; Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер); Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу; Қоқыс тастайтын жерлерді жою; Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар, балалар ойынына және ересек тұрғындардың демалуына арналған жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу; Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Шымкенттегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қолға алынған көгалдандыру шаралары қала тұрғындары үшін үлкен маңызға ие. Қаладағы бірнеше аумақтарға заңсыз орналасқан құрылыс материалдарының орны көгалдандыру жұмыстары арқылы қалпына келтіріліп, бұрынғы экологиялық проблемалар шешімін табуда. Бұл жұмыстар […]
«Кентауды жасыл оазиске айналдыру керек. Көгалдандыруды күшейтіп, гүлбақтар мен көпшіліктің көңілінен шығатын демалыс орындарын көбейткен жөн», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына жасаған жұмыс сапарында. Аймақ басшысы қаладағы атқарылып жатқан жұмыстармен […]
Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Сондай-ақ Түркістан қаласында 268 су ұңғымасын жасау жоспарланса, соның ішінде 57 су ұңғымасы […]
Пікір қалдыру