ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕДІ

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданғанын естеріңізге сала кетейік. Халықтың арасында қызылша инфекциясымен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер егу мәртебесіне қарамастан балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды
Шымкентте соңғы бір аптада қызылша ауруының таралуы бәсеңдеді. Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастардың саны соңғы жеті күнде 37,3%-ға төмендеген.
Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясына қызылшаға күдікті қоңыраулардың түсуі 125-тен 94 қоңырауға дейін (24,8%-ға) азайды.
Қызылша бойынша іс-шараларға қатысқан 1 144 медицина қызметкері оқытылды, оның ішінде маман қосымша жаппай иммундау бойынша оқытылды.
Халықты қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау қажеттігін түсіндіру үшін 8 729 аула аралау, 6 209 ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу, діни қоғам өкілдерінің қатысуымен 174 дөңгелек үстел өткізілді. Нәтижесінде, ата-аналар иммунопрофилактика мәселелері бойынша емханаларға жиі жүгіне бастап, балаларды жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіші 80%-ға ұлғайған.
Қызылша – инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы болатын жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*