Бүгінде мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша назар аударып келеді. Әсіресе, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне баса назар аударылып жүр. Соның нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындары бұрындары күрделі ота жасату үшін берісі Алматы мен астанаға қарай ағылып, арысы шетел асып әуреленіп жатса, бүгінде Шымкенттің өзінде заманауи, жоғары технологияларды оталарды жасау жергілікті дәрігерлер үшін қалыпты жағдайға айналып келеді.
Шымкентте ұстама ауруына шалдыққан балаларға нейростимулятор отасы жасалды.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков айтты.
«Шымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасында эпилепсия ауруына шалдыққан балаларға нейростимулятор отасы жасалған. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері 14 жастағы балаға алғаш рет «Эпилепсияның құрылымдық фармакорезистентті формасында VNS орнату» арқылы үлкен күрделі операция жасады. Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты, жақсы. Сондай-ақ 2023 жылғы шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясы және 10 LVAD отасы жасалған»,- деді Нұрлыбек Абибуллаұлы.
Сонымен қатар, қалалық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, 2023 жылдың соңына дейін тағы 2 науқас балаға осындай ота жасау жоспарланып отыр екен. Ал, 2024 жылы 15 балаға ота жасау жоспарға қойылған.
Жалпы эпилепсия ауруына тоқталатын болсақ — құрысу ұстамаларымен (бұлшық еттің еріксіз жиырылуы) қосарланатын мидың белсенділігінің бұзылысы. Ауруға қайталанатын ұстамалар тән. Бұл ұстамалар дененің қандай да бір бөлігінің қысқа мерзімді еріксіз құрысуы түрінде (парциалдық құрысу) немесе бүкіл дене бойы (жалпы құрысу) және кейде естен танумен және ішек немесе қуық қызметін бақылауды жоғалтумен қосарланады. Бұл көріністер ми жасушалары тобында артық электр зарядтарының нәтижесі. Мұндай зарядтар мидың түрлі бөліктерінде пайда болуы мүмкін. Ұстамалар естегі аздаған жоғалту немес бұлшық ет түйілуі, немесе ауыр, ұзақ конвульсия ретінде болады. Ұстамалар жиілігі бойынша ажыратылады, жылына бір реттен сирек немесе күніне бірнеше рет болуы мүмкін.
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына бір жарым миллионнан астам құты дәрі келді. Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 […]
Пневмониямен ауырып көз жұмған анасының өліміне медицина қызметкерлерін кінәлаған Айжан Ергешованың шағымы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болған жайды анық-қанығын нақтылауға […]
Ауруханада инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшелері мен компьютерлік томограф, соңғы үлгідегі ангиограф құрал-жабдығын орнатып, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді ендіру жоспарланған. Бұл құрылғылар нейрохирургия, кардиология, онкохирургияда жаңа әдістермен емдеу үшін қажет. Қазіргі таңда әлеуметтік нысанға […]
Пікір қалдыру