Түркістан облысында COVID-19 инфекциясынан сауыққандар саны 52-ге жетті. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында 3 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста індеттен айыққандар саны 52-ге жетті.
Сарыағаш ауданының 1974 ж. туған тұрғыны 16 сәуірде Ресей Федерациясынан келген. Жедел түрде 17 сәуір күні дәрігерлер бақылауына алынған. Сынамалар алынып, талдама қорытындылары оның COVID-19 инфекциясына шалдыққанын анықтаған.
Сонымен қатар 1994 ж. туған Сарыағаш ауданының азаматы да ауруханаға КВИ инфекциясының расталған жағдайымен 17 сәуір күні ауруханаға түскен. Ол 16 сәуір күні Павлодар-Сарыағаш бағытында жүк көлігімен келген.
Сайрам ауданы, Көлкент ауылының 1992 ж. туған тұрғыны да КВИ расталған жағдай диагнозымен 16 сәуір күні ауруханаға түскен. Қажетті ем-дом шараларын үздіксіз қабылдаған оның 2 мамырдағы талдама қорытындысы теріс нәтижес көрсетіп, оның COVID-19 инфекциясынан жазылғаны белгілі болған. Сөйтіп Түркістан облысында аты жаман індетті жеңіп шыққандар саны артты. Қазіргі таңда аталған облыста коронавирус инфекциясынан жалпы саны 52 адам жазылды.
Пікір қалдыру