Түркістан: эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне қайтарылады

Түркістан облысы Мақтарал ауданында су тасқыны салдарынан эвакуацияланған 17 000 адам үйлеріне қайтарылатын болды.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуацияланған Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды. Облыстық төтенше жағдайлар штабы үздіксіз жүргізген жұмыстары нәтижесінде аталған елдімекендерде тасқын судан келетін қауіптің жоқ екендігін анықтаған. Ал, қалған елдімекеннің тұрғындары 14 000 адам әзірге, яғни қауіп толық сейілгенше уақытша эвакуациялық бекеттерде болатын боп шешілді.

Айта кетейік, ауданда тасқын су орын алуына байланысты Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары. Облыстық төтенше жағдайлар штабының тоқтаусыз жұмысының нәтижесінде су тасқыны қаупі сейілген елдімекендердегі тұрғындарды қиындықсыз үйлеріне жеткізетін болады.  Төтеншеліктердің айтуынша, Мақтааралдағы су деңгейі азайып келе жатыр. Бұл деген аз уақыттың ішінде өзге де тұрғындар үйлеріне көшетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*