Сауран ауданында егін орағы басталды. Биыл ауданда 43 мың гектардан астам аумаққа астық дақылдары егілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде, астық дақылдар 4288 гектарды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7%-ға артып отыр.
Түркістан облысында егін алқаптарының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл – өңірде мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуының нәтижесі.
Бүгінде аудан көлемінде астық дақылдарының 87%, яғни, 3734 гектар жерге егілген бидай орылды. Орташа өнімділігі 30 центнерді құрады. Нәтижесінде, 12 480 тонна өнім жиналды. Осылайша, диқандар шілде айының соңына дейін астықты толығымен орып, 15 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Шаруалар жиналған өнімнің бір бөлігін 2025 жылы егілетін астық дақылдарының тұқымына қалдырмақ. Қалған бөлігін мал азығына және аудан тұрғындарының қажеттілігіне сатылымға шығарады.
Облыста астық ору науқаны қызу жүргізіліп жатыр.
Биыл Түркістан облысында 590 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал, жыл соңына дейін өңірде 4,1 млн тонна мал азығын жинау жоспарланған. Бүгінде оның 3,5 млн тоннасы дайын дейді мамандар.
Жалпы, Сауран ауданы ауылшаруашылық, оның ішінде дақылдар егістігі жолға қойылған. Былтырғы жылы аталған саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард 973 миллион теңгеге жеткіндігін айтты. Сонымен қатар, былтыр 44 080 гектар жер игерілген,
Айта кетерлігі, 44 080 гектар жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Ал, аудан бойынша жылыжай өсіруді 12 гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі таңда бұл меже 100 пайызға толық орындалған.
Біз энергия дефицит кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. «Бізге АЭС керек па?»- деген сұрақтың өзі қате деп түсінемін. Бізге АЭС керек. Біздегі басты сұрақ: Атом электр станциясын қайда саламыз? Қалай саламыз? Кімдер салады? Жалпы Қазақстанның энергетикалық […]
Түркістан облысы халықаралық инвестициялық байланыстарды нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған түркістандық делегация Қытай Халық Республикасының ірі экономикалық орталығы – Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. […]
Бүгін Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келді. Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн. теңгеге халыққа қажетті 136 түрлі 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Атап айтқанда, антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және […]
Пікір қалдыру