Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті. Облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырды және міндеттерін жіктеді.
Аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден қалыс қалып не кемшіліктерге жол берген мердігер мекемелерге аяушылық танытпауға қажеттігін ескертіп, жауаптыларға тапсырды. Ол үшін заң аясында тиісті шара қолданылатынын ескертті.
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласында орналасқан әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы баяу жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің жұмыстарымен танысты. Алғашқы түзілген өндірістік кестеге сәйкес, бұл нысандардың басым бөлігі осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсырылуы тиіс болған.
Алайда, тапсырысшы тарапынан облыстық құрылыс басқармасының келісімінсіз өндірістік кестесі қайта жасалған және  тапсыру мерзімі қазан айына дейін ұзартылған. Әуел баста бекітілген кестеден қалыс қалғандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмін.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*