Бұл жөнінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, өзінің «фэйсбуктегі» парақшасында жазды.
Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана – мегаполистегі ірі көпбейінді аурухана. Мұнда жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету сапасы уақыт талабына сай дамып келеді.
Айта кету қажет бүгінде ауруханаға білікті мамандар қайта орала бастаған. Атап айтқанда Сәбитхан Байтеміров, Дәурен Қабылов, Тайбек Садықов, Алибеков Батырбек сынды білікті хирургтар бүгінде қалалық №1 клиникалық ауруханада еңбек етіп, жоғары мамандандырылған оталарды жасауда біліктіліктерін көрсетіп жатыр.
Ауруханада бауыр мен бүйрекке қатарынан екі трансплантация жасалды және құрсақ қолқасының аневризмасын эндопротездеу операциясы сәтті өткізіліп, ауыр дертке шалдыққан науқастар емделді.
Биылғы 31 қаңтар күні аурухана дәрігерлері бауыр трансплантациясын жасады. Ағзасын алмастырған науқас бір жылдан бері ауырады, сырқаттың басталуы ісік-асцит синдромынан басталған, екі рет өңештің венасынан қан кеткен. Бауыры жарамай, денсаулығына қауіп төнген науқасқа дәрігерлер баласының бауырын салып берді.
«Сондай-ақ, 8 ақпан күні аурухана базасында бүйрек трансплатациясы жасалды. Ағза алмастыру отасынан кейінгі рецепиент пен донордың жағдайы жақсы. Тағы айта кетерлігі, №1 клиникалық аурухана дәрігерлері алғаш рет қан тамырлар хирургиясы бойынша тың әдіспен ота жасап, денсаулығына қауіп төнген науқастың өмірін алып қалды»,— деп жазады ол өз парақшасында.
Сонымен қатар, қаланың бас дәрігері құрсақ аневризмасының жарылуы анықталып, науқасқа жедел көмек көрсетіліп, күрделі операция сәтті жасалғанын да хабарлады.
В Шымкенте военнослужащие Национальной гвардии Республики Казахстан торжественно отметили юбилей Конституции. В воинской части 6506 прошло построение, посвящённое 30-летию Основного закона страны, принятого 30 августа 1995 года. Атмосфера мероприятия была проникнута духом патриотизма, уважения к […]
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту […]
Қазіргі таңда баспанаға қол жеткізу мәселесінде жан-жақты мүмкіндіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүріп жатыр. Әлеуметтік әлеуетіне қарай өз статусына жақын бағдарламалар арқылы ұсыныс білдіре алады. Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында […]
Пікір қалдыру