Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған. Атадан қалған жерімізді таза ұстап, бабалардың мұрасына шаң жуытпауды мақсат тұтқан тұрғындар белгіленіп берген жерлерді қалдықтар мен қоқыстардан тазартты.
Жастар «Taza Alem» ұлттық жобасы бойынша «Қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың борышы» тақырыбы аясында жазғы шомылу маусымдағы өзен, көл маңдарын тазалауда.
Облысқа қарасты аудан, қалаларда «Таза Жағажай», «Өз өмірің — өз қолыңда» тақырыбы аясында, шомылу маусымындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы үнпарақшалар таратылуда. «Эко волонтер» атты ерікті жастар киелі өлкелер мен өзен, тауларда қоқыс іздеу сайысы өтті.
Акцияға атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық 11 этно мәдени бірлестіктер мүшелері әр сенбі күні аумақтық сенбіліктерге белсене қатысып келеді.
Этностар көп орналасқан Сайрам, Сауран, Жетісай, Мақтарал, Келес,Төлеби аудандарында Ассамблея жастары «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында плогинг сайыстары арқылы айналаны тазарту акцияларын дәстүрлі түрде өткізуде. Сайрам ауданында «Қоқыстан құнды заттар жасау идеялары» жүзеге асырылуда.
«Generation» қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарымен бірлескен 36 экологиялық акция өткізді. Аталған акция бойынша 15 тоннаға жуық қайталама шикізат сатып алынып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл ретте, қоқысты арнайы жерге апарудың қажеті жоқ, бұл өз кезегінде оны апаратын жол мен жергілікті аймақтарды таза ұстауға өз септігін тигізуде.
Топырақ суларын қорғау және жердің тозуымен күресу мақсатында Төлеби ауданы, Ленгір қаласында орналасқан мүгедек балалардың мектеп-интернаты үшін экосантуалет құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. «Өгем» қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асуда. Аталған жоба өңірге келген туристерге «жасыл» технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді. Табиғи жолмен энергия көзін ашып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылды. «Өгем», «ЭКО-Атамекен» қоғамдық бірлестіктері Сайрам-Өгем, Қаратау қорықтарындағы табиғатты қорғау мақсатында 7 экоакция өткізіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлесі ерекше болды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру үшін бірінші кезекте жұмыспен қамту және баспанамен қамту қажет. Мемлекет басшылығының әрбір қазақстандықты баспанамен қамту туралы бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда Түркістан облысының аудандары мен қалаларында, облыс орталығы Түркістан қаласында қыруар […]
Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша 140 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы аудан әкімінің басты назарында. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен ауданда жасалып жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында: соңғы жылдардағы қабылдаған шаралардың арқасында шағын және ірі кәсіпкерлік дами бастады. Ал, орта кәсіпкерліктің дамуы сәл бәсеңдеу. Жаңа экономикалық үлгіг көшу үшін «қолмен көтеруге» тура келеді. Еліміздің нарығында […]
Пікір қалдыру