Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. мұндағы басты мақсат — қошаған ортаны қүл-қосыстан аман сақтап, жасыл желекпен абаттандыру. Ауқымды жобаны жүзеге асыруда Түркістан облысының трғындары мен жұмысшылары білек сыбана кірісіп кетті.
Алдағы уақытта «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ арқылы Түркістан облысы аймағында орналасқан ақылы автожолдардың бақылау бекеттерінен өткен автокөлік иелеріне «Құрметті жол жүргізуші, тазалық сақтап, жол бойында қоқыс тастамауларыңызды сұраймыз! Бұл – біздің Қазақстан, бұл – Таза Қазақстан!» мәтінді SMS-хабарламаларды жіберу жоспарлануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бастау алды. Бұл өз кезегінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы болып табылады.
Байқау екі кезеңнен тұрады: 1-кезең – аудандық, яғни облыстағы 15 аудан, қалада байқаудың аудандық кезеңін өткізу үшін арнайы комиссиялар құрылып, 1 қыркүйекке дейін құжаттар қабылданады. Жеңімпаз ауылдар облыстық комиссияға ұсынылып, 1 қарашаға дейін «Үлгілі ауыл» жеңімпазы анықталады. Экологиялық акцияны табысты жүзеге асырған ауылдар арасынан жеңіп шыққан жүлдегерге бір әлеуметтік нысан салынады. Бірегей жоба «TurkistanTV» телернасы эфирінде «Үлгілі аула» тележобасы арқылы насихатталуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы тұрақты түрде іске асырылатын жұмыстар болып жалғасын табатын болады.
Тазалық — денсаулықтың кепілі екенін ескерсек, әрбір ел азаматы өз айналасын тазаласа, ел таза, жеріміз көркейе түседі.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқалы отырған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгін Түркістанда Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, […]
В Туркестанской области праймериз прошли на высоком уровне. В качестве кандидатов в них приняли участие 1076 человек. Из 78262 членов партии за них голосовали 72973 (93,2%). Это важное политическое событие открыло новые имена. В […]
Түркістан облысында 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535. Айта кетерлігі, 1 сынып оқушылары биыл 1 тамызға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркеледі. Сондықтан оқушылар саны арта түспек. Қазіргі таңда 2020-2021 жаңа оқу […]
Пікір қалдыру