«Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Республикалыө акция аясында бүгін Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.
Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету.
«Таза Қазақстан» акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету.
Балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейтін 2000-ға жуық ашық сабақ, 650 кездесу, 960 дөңгелек үстел өткізілген.
Акция аясында облыста медициналық нысандардың аумағында 10 957 дана түп ағаштары отырғызылып, 61 842 ағаш түптеріне әктеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, облыс аумағында орналасқан туристік нысандар аумақтарына санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әзірленген жол картасына сәйкес, Қ.Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Үкаш-ата Кесенесі, «Шаға» туристік – рекрациялық орталығы, «Ақмешіт» жерасты үңгірі, «Домалақ ана» кесенесі мен бұлағы, Бибі мәриям кесенесі, Шахан ата кесенесі, Үкаша Ата кесенесі, Гаухар ана кесенесі, Арыс музей ғимараты, Шаммат Ишан музейі, Ерубаев музейі сынды киелі және тарихи орындарда тазалық акциялары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Волонтерлік ұйымдардың бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясы құрылып, «Бұл сенің өңірің» акциясы негізінде тимбилдинг өтті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабында Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты. Жалпы, жағалаудың екі жағынан бекітілетін аумақтың ұзындығы 18 шақырым. Бұл аудандағы жұмыс толық аяқталған. Ал, Абай ауданындағы бөлігі ағымдағы […]
Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру, аумақты тазарту және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қатышушылардың қарасы көп. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экология […]
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған. Атадан қалған жерімізді таза ұстап, бабалардың мұрасына шаң жуытпауды мақсат тұтқан тұрғындар белгіленіп берген жерлерді қалдықтар мен қоқыстардан тазартты. Жастар «Taza Alem» ұлттық жобасы бойынша […]
Пікір қалдыру