Облыста соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында 570 гектарға қосымша 4 индустриалды аймақ құрылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен толықтыру жайы талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға бұл бағыттағы күшейтуді тапсырды.
– Кәсіпкерлік жағынан және су мәселесі бойынша ауда, қала әкімдері де есебін дайындасын. Өз аумақтарыңыздағы индустриалды аймақтың инфрақұрылым мәселесін де бірлесе отырып, оңтайлы шешу қажет. Жан-жақты ізденіп, өңірдің дамуы үшін ерекше жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырыңыздар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов жиын барысында баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар инфрақұрылымдық алаңдарды дамыту бойынша бірқатар ұсыныс жолдады. Жалпы индустриалды аймақтардың инфрақұрылымына бюджеттен жұмсалған қаржы 10 есе инвестиция тартуға мүмкіндік береді дейді басқарма басшысы. Сондай-ақ аудан және қала әкімдіктерімен бірге индустриалды аймақтарда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып тұратынын жеткізді.
Жаңа индустриалды аймақтар өңірдің дамуына оң серпін береді. Соның бірі Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінен, Жетісай бағытындағы жолдың бойынан 300 гектар жерге «Келес» индустриалды аймағы құрылды. Инфрақұрылым нүктелерін есепке ала отырып, аудан әкімдігі жер телемін де ұсынған. Ал Түркістан индустриалды аймағынан соғылған 2 браунфилдте бүгінгі таңда жиһаз өндіру цехі және шұлық бұйымдарын өндіру цехі жұмыс жасап отыр.
Өңірде өндірістік парк бойынша 39 өндірістік ғимаратты құру жоспарланған. 1-кезең бойынша 10 ғимарат құрылысы аяқталып, инвестиция сомасына 10 жоба іске асырылуда. Ал 2-кезең бойынша 12 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары басталды. Өндіріс орындарында орналасатын инвестициялық жобалар пулы жасақталып, меморандумдарға қол қойылды. 3-кезең бойынша 17 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары да басталған. Кейбірі кәсіпкерлердің есебінен де соғылуда. Сауран ауданында Қарашық, Шорнақ, Иассы ауылдық округтерінде жалпы көлемі 70 мың шаршы метр болатын 49 өндірістік ғимарат салу жұмыстары басталды. Жобалардың басым көпшілігі жиһаз өндіру саласында.
Индустриалды аймақтармен қатар, жобаларды «TURAN» арнайы экономикалық аймағына тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында, шетелдік компанияның текстиль кластері, Полимерлі құбырлар, Тау кен металлургия кешеніне арналған құрылғылар зауыттар бар.
Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 594 гектардан тұратын 10 индустриалды аймақ бар. Онда 125,6 млрд теңгені құрайтын 87 жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың басым бөлігі құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі саласында жұмылдырылған.
«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтерден […]
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ 2024 жылғы 18 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты. XXI ғасырда энергетика экономикалық тұрақтылыққа, қоршаған ортаға және […]
Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Жеңіс саябағында» «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік жиын өтетін болады. Бұдан бөлек, облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты онлайн […]
Пікір қалдыру