Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты. Базынасын айтып келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және демеушілер есебінен қаржылай, материалдық көмек алу, кәсіпкерлік саласын дамыту, қаланың санитарлық тазалығы, ақылы қоғамдық және мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу секілді өтініштерін жеткізіп, көмек сұрады.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір өтініштері мен ұсыныс пікірлері бойынша заң аясында кеңестер беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай аудандық «Мансап» орталығының кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігін айтты.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштерін мүмкіндігінше қанағаттандыруды тапсырды.
Негізгі табысы мен күнкөрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында биыл 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың […]
Жаңа ауыл ауылдық округі аумағында орналасқан кәріз тазарту жүйесінен (КОС) шығатын жағымсыз иіс бойынша «Жетісай су» МКК тарапынан кәріз жүйелері тазартылып, Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс ауылдарының ауыз суының құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 2025 […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Жетісай қаласы, Қожанов көшесі бойындағы реновация бағдарламасына ұсынылған №27, №29 тұрғын үйлердің тұрғындармен кездесіп, мәселенің оңды шешілу жолдарын талқылады. 1954 – 1957 жылдары […]
Пікір қалдыру