Халық қалаулылары елдің мұңы мен тұрғындардың өтінішін тыңдап, билікке жеткізетін айшықты көпір. Елдің дамуымен қатар, қаржыны дұрыс бағытқа игерілу, жұмыссыздық пен қоғамдағы мәселелерді де қозғайтын халық өзі сайлаған депутаттар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын.
Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды.
Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой қозғады. Өңірде сайлауалды бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатқанын, тұрғындардың көзқарасы дұрыс екенін жеткізді. Сонымен бірге Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айшықтайтын Заң жобасына депутаттар мен қоғам тарапынан қызығушылық жоғары екенін айта келе бұл маңызды Заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
Жыл санап емес, тіпті ай санап Түркістан түрленіп, туризмге қатысты ірі жобалар іске қосылып жатыр. Киелі қалаға келген туристердің саны да айтарлықтай көбейген. Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Облыс аумағында 1663 тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Өңірде туризм саласы үш бағытта қарқынды дамуда. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытындағы тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі және Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм. Табиғатымен қоса ерекше демалу аймағы бар облыстың даму деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған кездесу оң өзгерістер алып келетіні анық.
Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Шардаралық шаруалардың адал еңбегінің жемісі, диқандар баптаған өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының […]
Түркістанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жарық көрген «1424» қысқаметражды фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындының тұсаукесеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, өз бағасын берді. Адал жолға үндейтін жоба […]
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылардың басын қосып, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, тиісті тапсырмалар берді. Бизнесті мемлекеттің қолдауы аясында бюджеттен қаржысы […]
Пікір қалдыру