Халық қалаулылары елдің мұңы мен тұрғындардың өтінішін тыңдап, билікке жеткізетін айшықты көпір. Елдің дамуымен қатар, қаржыны дұрыс бағытқа игерілу, жұмыссыздық пен қоғамдағы мәселелерді де қозғайтын халық өзі сайлаған депутаттар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын.
Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды.
Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой қозғады. Өңірде сайлауалды бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатқанын, тұрғындардың көзқарасы дұрыс екенін жеткізді. Сонымен бірге Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айшықтайтын Заң жобасына депутаттар мен қоғам тарапынан қызығушылық жоғары екенін айта келе бұл маңызды Заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
Жыл санап емес, тіпті ай санап Түркістан түрленіп, туризмге қатысты ірі жобалар іске қосылып жатыр. Киелі қалаға келген туристердің саны да айтарлықтай көбейген. Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Облыс аумағында 1663 тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Өңірде туризм саласы үш бағытта қарқынды дамуда. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытындағы тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі және Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм. Табиғатымен қоса ерекше демалу аймағы бар облыстың даму деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған кездесу оң өзгерістер алып келетіні анық.
Елімізде қолға алынған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық челленджді Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шардара ауданынан қабылдап, жалғастырды. Аталған іс-шара қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және бақытты […]
Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты. Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі […]
Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл ішкі істер органдарының күнделікті, тіпті сағат сайын атқарып отырған жауапты жұмысы. Түркістан облысы Полиция департаменті бұл бағыттағы міндеттерді жүйелі түрде іске асырып […]
Пікір қалдыру