Облыс аумағында жылдамдықты шектейтін 150 дана жол белгісі орнатылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Одан бөлек «Жай жүріңіз!», «Жылдамдықты асырма!», «Үйде бала-шағаң күтіп отыр!» жазбалары бар 11 ескерту бильборды жаңартылды.
Бүгін ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сабит Нұрлыбайұлының төрағалығымен ведоствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға ҚСжАЕК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Асқар Сапарғалиев бастаған облыстық ведомствоаралық жұмыс тобының өкілдері онлайн режимде қосылды. Күн тәртібінде жол апаты оқиғаларын төмендету бағытында Жол картасын әзірлеу жұмысы кеңінен талқыланып, жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Джалаиров Мейіржан Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл 244 нысан немесе 1100,3 шақырым жолдар мен көшелер тиісті шаралармен қамтылып жатыр. Мектеп және балабақшалардың алдына 151 жол белгісі орнатылған.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жалпы 893 бейнебақылау камерасы бар. Оның ішінде, 449 «Сергек» камерасы орнатылған. 2023 жылы 54 камера орнатылса, осы жылы 50 камера орнату жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Түркістан облысы полиция департаментімен облыс аумағында 38 авариялық учаскі анықталған. Оның 13-і республикалық маңызы бар жолдарда болса, 25-і – облыстық маңызы бар жолдарда.
Жиын соңында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіледі.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бзушыларды анықтап, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартып қана қоймайды. Сондай-ақ барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында буклеттер мен брошюралар таратып, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателіктерді кешірмейді!м
Отанға адал қызмет етуде ер-азаматтармен қатар нәзік жанды арулар да зор үлес қосып келеді. Түрлі салада табысты еңбек етіп, абырой биігінен көрініп жүрген сондай арулардың бірі — Түркістан облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының автоматтандырылған […]
Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны Нұрбек Төлбасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шеберхана ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Ол зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберхана ашу идеясын ұсынып, бағдарлама шеңберінде 555 600 теңге қаржыға қол жеткізген. […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан шардап шеккен үш ауылдың тұрғындарына арналып салынып жатқан жаңа мөлтек ауданның құрылысы қарқынды. Мұнда қазіргі таңда 386 үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның бүгінде 46-сында ішкі әрлеу, 54-інде шатыр жабу, […]
Пікір қалдыру