Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Әкім төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды.
Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды. Облыс әкімі замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті әлі де толық қолданылмай отырғанын айтып, жауапты тұрғаларға тапсырма берді. Дамудың негізгі бағыттарының бірі – әуежай аумағында мульти-модальды логистикалық хаб құру.
– Өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына оң әсер ететін жүйелі жұмыс керек. Әуежай да жаһандану үрдісінен қалмауы тиіс. Қазір тауарды жедел жеткізу әлемдік тенденцияға айналды. Транзиттік дәлізді дамыту өзекті. Сондықтан өзге елдердің тәжірибесімен танысыңыздар. Саланы ілгерілету арқылы бизнесті өркендетуге болады. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланысты нығайту керек. Осыған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы әлі де әлсіз. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытқан жөн. Үндістан, Корея, Малайзия, Түркия, Ресей, Қытайға әуе рейстерін көбейтіп, саяхатшыларды тарту бағыты да ақсап тұр. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай тәуелсіздік жылдарында жаңадан салынған еліміздегі алғашқы әуе айлағы. Стратегиялық маңызы бар нысан заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға сай. Жылына 3 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.
Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары шетелдік инвесторлармен кездесіп, әуежайды дамыту мәселесін талқыға салған еді.
Зұлпыхар Жолдасов Вьетнам елінің ірі инвесторларының бірі «Sovico Group» компаниясының басшысы Фам Нгок Сау мен орынбасары Ле Мин Туанмен кездесті.
Кездесу барысында әуежайды заман талабына сай жан-жақты дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылып, өңірдің туризм саласын өркендетуге байланысты идеялар талқыланды. Қос тарап әріптестікті нығайта түсуге уағдаласты.
Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен бастамаларды, инвестициялық жобаларды талқылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп […]
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елбасына осы жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып жатқан басқа да […]
Түркістан облысында 807 елді мекеннің 737-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Республикалық көрсеткішке сәйкес, өңірдің қалалары 100 пайыз, елді мекендер 97,3 пайызға ауыз сумен қамтылған. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 63 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 15,7 […]
Пікір қалдыру