Отанға адал қызмет етуде ер-азаматтармен қатар нәзік жанды арулар да зор үлес қосып келеді. Түрлі салада табысты еңбек етіп, абырой биігінен көрініп жүрген сондай арулардың бірі — Түркістан облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының автоматтандырылған және электрондық қызмет көрсету тобының инженері, полиция капитаны Әйгерім Жарқынбек.
Полицей болуды бала күнінен армандаған Әйгерім орта мектепті алтын белгімен аяқтаған соң, Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы полиция академиясына курсант болып қабылданды. Оқу орнында белсенділігімен көзге түсіп, түрлі іс-шараларда жүлделі орындарға ие болды. Үлгілі тәртібі мен оқуға деген ынтасы оның кәсіби білікті маман болып қалыптасуына негіз қалайды.
2017 жылы академияны аяқтаған соң, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша елордадағы Астана қалалық полиция департаментінің ақпараттық-аналитикалық орталығында еңбек жолын бастайды. Қызмет барысында аға инспектор лауазымына дейін көтеріліп, үздік нәтижелерімен ерекшеленеді. 2019 жылы тұрмысқа шығып, отбасылық жағдайына байланысты Түркістан қаласына ауысты.
— Полицей болу — бала күнгі арманым еді. Әкем Қанатбек Құлбайымбетов — ішкі істер саласының ардагері, зейнеттегі полиция полковнигі. Әкем үнемі қолдау білдіріп, білікті маман болып қалыптасуыма үлкен рухани демеу болды. Оның үмітін ақтауға бар күшімді саламын, — дейді полиция капитаны Әйгерім Жарқынбек. Ол өмірлік серігі туралы да ерекше ілтипатпен айтып өтеді. Жолдасы Жанбол Жақай — Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеу бөліміндегі киберқылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы, полиция майоры. Ол да Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы полиция академиясының түлегі. — Саламыз бір болған соң, бір-біріміздің қызметімізді жақсы түсінеміз. Кейбір қиындықтарға түсіністікпен қарап, бір-бірімізге қолдау білдіреміз. Бұл да маған үлкен демеу, — дейді ол.
Бүгінде Әйгерім Қанатбекқызы — аяулы жар, ардақты ана. Жолдасымен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Балаларын отансүйгіштік пен адалдыққа баулып, елге қызмет ететін азамат етіп өсіру — олардың басты мақсаты. Осы жолда қос полицей жауапты қызметтерін абыроймен атқара бермек.
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Түркістан облысында 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535. Айта кетерлігі, 1 сынып оқушылары биыл 1 тамызға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркеледі. Сондықтан оқушылар саны арта түспек. Қазіргі таңда 2020-2021 жаңа оқу […]
Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды. Түркістан […]
Пікір қалдыру