Полиция қызметкерлеріне өздерінің кәсіби мерекесін отбасымен бірге тойлау мүмкіндігі бола бермейді. Десе де қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығы жолында осытәулікте кезекшілікке түскен қызметкерлерді полиция басшылығы назардан тыс қалдырмады.
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев, мереке күні түнгі ауысымға түскен Жедел басқару орталығы мен кезекші бөлім тәртіпсақшыларын мерекелерімен құттықтады. Оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Полиция полковнигі Б.Айтпаев өз сөзінде: «Құрметті киелі өңірдің тәртіп сақшылары!Сіздерді Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халық алдында
берген анттарыңызға адал болып, мінсіз қызмет атқарып жатқандарыңызға үлкенрақмет! Әрқашан дендеріңіз сау болсын, тек биіктерден көрініңіздер. Барлығымыз
жұмыла елдің амандығы жолында аянбай, абыройлы қызмет ете берейік!»-деп атапөтті.
Бұл жылы жүздесу тәртіп сақшыларына зор моральдық қолдау болды. Қызмет барысында да, мереке күндері де ел үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген полицейлер өздерінің ұмыт қалмағанын сезінді. Мұндай құрмет пен ықылас – ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухын көтеріп, әріптестік бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы өңір басшысы фейсбук әлеуметтік желісіндегі қоғамдық қабылдау парақшасында жариялады. «Бұл саяси додаға облысымыздан 1076 азамат қатысып […]
Үрімшіде үшінші Қазақстан-Қытай форумы өтті. Форум барсында Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірнеше меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолдарды дамыту, жаңа шекара өткелдерін салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін […]
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді. Ұлы Жібек жолы құрылған сәттен бастап дамып, өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орны […]
Пікір қалдыру