Арыс қаласында өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теміржолшылар паркіне ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау және қалалық аумақтарды таза ұстау болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін көптеген ұйымдар мен компаниялар бірлесіп, өз үлестерін қосты.
Бүгінде Теміржолшылар паркінің жарықшамдарына толықтай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жарықтандыру жүйесі қайта жаңартылды. Бұл жұмысты «Khazakh Real Stroy» ЖШС компаниясы атқарып, заманауи технологияларды пайдалана отырып, жарықшамдарды қайта жандандырды. Осы жаңартулардан кейін парк түнгі уақытта да жарық әрі қауіпсіз болды.
Айта кетейік, паркте демалыс аумақтары кеңейтіліп, жаңа отырғызылатын орындықтар, балалар ойын алаңдары және қаладағы тұңғыш скэйт парк алаңы іске қосылған. Бұл өзгерістер паркке келушілерге жанға жайлы демалыс аумағын қамтамасыз етті. Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін парк енді табиғатпен сырласуға, спортпен шұғылдануға және балаларымен бірге ойын ойнауға арналған сүйікті орынға айналды.
Арыс қаласының әкімдігі мен «Khazakh Real Stroy» ЖШС-іне алғыс білдіре отырып, тұрғындар осы абаттандыру жұмыстарын жоғары бағалап, паркті күтіп ұстауға өз үлестерін қосуға шақыралы. Қаланың жасыл аймақтары мен таза ауасын сақтап қалу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теміржолшылар паркінің қайта жандандыруы Арыс қаласының келбетін жақсартып, тұрғындар үшін шынайы демалыс аймағына айналды.
Үш жыл бұрын аталған саябақ Арыс қаласының 65 жылдығына орай, күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілген болатын. Теміржолшылар саябағының қақ ортасына ашық аспан астындағы музейдің негізгі экспонаты ретінде көне паровоз қойылған. Ендігі жерде оның маңына спорт алаңы мен көңіл көтеруге арналған түрлі ойын-сауық құрылғыларын орнату арқылы нысанды заманауи ретросаябаққа айналдыру көзделуде. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда Арыс қаласында 45 мыңнан астам тұрғын болса, оның 5 мыңға жуығы теміржолшылар екен.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт жұмысымен танысты. «Қаратау Транс Сервис» зауыты мұнай өнімдерін өңдеумен айналысады. Инвестиция көлемі 11 млрд. теңгені құраған. Зауыт басшылығы Арыста өндірілетін мұнай өнімдерімен ішкі нарықты […]
Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр екен. Айта кетерлігі, Арыс […]
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын бастады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Баспасөз қызметіне […]
Пікір қалдыру