Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, Ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті мәселелердің көшін инфрақұрылым мен әлеуметтік ахуал бастайды. Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа
жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
– Өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту – негізгі бағытымыз. Түркістан облысында осы салаға назар аударылып, тиісті жұмыс жүруде. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, маңызды келісімдер жасалып жатыр. Бүгін іргетасы қаланған зауыт та өңірдің әлеуетін көтеруге серпін береді деген ойдамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Дархан Сатыбалды.
«PSI Machinery» компаниясының директоры Павел Беклемишев жобамен таныстырды. «PSI Machinery» компаниясының бұл зауытыда тау-кен ісіне және құрылыстың өзге де салаларына бағыталған ауыр құрылғылар, жүк көліктері мен техникаларға арналған шыдамды тіркемелер, бөлшектер, металл конструкторлары шығарылады. Жобаның құны – 8,33 млрд теңге. Жер аумағы – 20 гектар, 200 адам жұмыспен қамтылады. 2025 жылы ашылатын зауыттың жылдық қуаттылығы – 965 тонна.
Айта кетейік, PSI – бұл PSI Engineering, PSI Energy & Control және Қарасай машина өндіру зауыты (QMOZ) кіретін жалпы танылған компаниялар тобы. 2002 жылы құрылған. Топ инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап, өнеркәсіптік объектілерді салуға және пайдалануға беруге, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдар мен мұнай мен газды қоса алғанда, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға дейінгі кешенді қызметтерді ұсынады.
Бүгінгі таңда PSI Group компаниясында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Серіктестері: «KAZ Minerals» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.», «Karabatan Utility Solutions» ЖШС, «KATKO» БК ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ және өзгелер.
Елдің экономикалық драйвері болуға қабілетті әрі лайық ауыл шаруашылығы саласы бұл облыста да қарқынды даму жолына түсіп келе жатыр. Өңірде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері құнының 1 трлн теңгеден асуы сөзімізге дәлел және бұл көрсеткіш арқылы облыс республикада ең алдыңғы позицияда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік орган – ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жұмысын бастады. Агенттік – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау сынды міндетпен айналысады. […]
Сегодня под председательством заместителя акима области Улана Тажибаева состоялось очередное заседание Координационного совета в области социальной защиты инвалидов. На заседании членами координационного совета был рассмотрен вопрос о мерах социальной поддержки граждан с ограниченными возможностями […]
Түркістан облысының тәртіп сақшылары Төлеби ауданында ерекше мағынаға ие рухани іс-шара өткізді. Ел ішінде «Әкелер күні» ретінде белгіленген күнге орай ұйымдастырылған бұл кездесуге танымал жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, республикалық «Әкелер одағы» қамқоршылық кеңесінің төрағасы […]
Пікір қалдыру