Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Бәйдібек ауданына іссапармен барды. Сапар барысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетов және аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Алдымен Ақбастау ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Биылғы жұмыстарға 200 000 000 теңге бөлінген. Мектептің қуаттылығы – 1200-ге жуық. Жауаптылар және мердігермен кездесіп, нысанның күрделі жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын ескертті. Жөндеу жұмысының сапалы жүргізілуі қатаң бақылауда екендігін айтып, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Одан соң Тұрақты елді мекеніндегі ағымдағы жөндеуден өткен Ж.Жүнісбеков жалпы орта мектебін аралап көрді. 150 орындық білім ұясындағы ағымдағы жөндеу жұмысы қатаң бақылауда тұр. Сонымен қатар осы елді мекендегі фельдшерлік акушерлік тірек нысанының жер телімін көріп, құрылыс нысанын орналастыру жобасымен танысты.
Сапар аясында жергілікті тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініш-ұсыныстарын тыңдады. Ауылдарды ауыз сумен, электр энергиясымен сапалы қамтамасыз ету, мектепке қосымша жай салу және ішкі газ құбырлары жүйесін жүргізу жұмыстарындағы мәселелерді талқылап, оның шешу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ жауапты бөлім мен мекеме басшыларына заң талаптарына сәйкес тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді жергілікті деңгейде шешу шараларын қарастыруды тапсырды.
Боралдай дәрігерлік амбулаториясында болып, күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Бұл нысанға бюджеттен 768 млн теңге қаралған. Мердігерге биыл дәрігерлік амбулаторияның күрделі жұмысын жобаға сәйкес өз уақытында әрі сапалы аяқтау қажеттігі жөнінде ескертілді.
Бейсенбай Дәулетұлының жұмыс сапары Боралдай ауылдық округі Амансай елді мекенінде жалғасты. Аталған елді мекендегі Домалақ ана атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекемеге және жауапты мекеме басшыларына жөндеу жұмысын сапалы жүргізуді, белгіленген мерзімде аяқтауды жүктеді. Бұл мектептің қуаттылығы – 200 оқушы. Сонымен қатар осы елді мекендегі мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын бақылап, мердігер мекемеге өңір басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды өз уақытында ел игілігіне беру керектігін айтты.
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті. Облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырды және міндеттерін жіктеді. Аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден […]
Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін тиісті органдармен «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараға облыстық Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, Жастар ресурстық орталығының психологтары мен қалалық емхана, Жұмыспен қамтуды үйлестіру […]
Пікір қалдыру