Өткен жылы республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылдың дамуы жолдардың жөнделуімен, көшелердің жарықтандырылуымен тікелей байланысты.
Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта биылғы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай (Шіркін), Ж.Шамет, Сағым, Жаңғыру, Абай тұйық (Қасымбек датқа ауылы), Жастар, Одаманов, Ы.Шалабаев, Шынарлы, Самал және Абай (Тоған ауылы) көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төселетін болады.
Айта кетейік, аталған көшелерді асфальттау жұмыстары аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен, «Дан-Строй-Проект» ЖШС техникалық қадағалауындағы «EL-KZ 2020» ЖШС, «Тумар-СтройПроект» ЖШС мердігер мекемелер тарапынан атқарылады.
Автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 400-ге жуық нысан және 1250 шақырым жолдар мен елді мекен көшелері қамтылады. 780 шақырымнан астам жолды биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79%-дан 81,4%-ға дейін арттыру көзделуде.
Сайрам ауданында басқа көшелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған және қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Заманауи және қауіпсіз жол жағдайларын жасау-жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ экономиканы дамытуға және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды жақсарту жалағасын таппақ.
Түркістан облысының әкімдігі мен «Turkistan Invest» инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік Агенттігі биылғы соңғы 6 айда инвесторлармен 22 кездесу өткізді. Оның 17-сі шетелдік компаниялардың қатысуымен өткен. Бұл компаниялар өңірімізге шамамен 234 млрд. […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына іссапармен барып, Шорнақ елді мекеніндегі Әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс нысандарын аралады. Құрылғанына 3 жылдан асқан ауданда инфрақұрылым жасақталып, жаңа ғимараттар көбейіп келеді. Ең әуелі аумақтық органдар ғимаратының құрылыс жұмыстарымен […]
2024 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысында бюджетке 120,8 млрд. теңге көлемінде салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 111,1%-ға орындалды. Жоспар 108,7 млрд. теңге болатын. Көрсеткіштің артығымен орындалуы меншік салығынан, заңды тұлғалар мен […]
Пікір қалдыру