2024 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысында бюджетке 120,8 млрд. теңге көлемінде салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 111,1%-ға орындалды. Жоспар 108,7 млрд. теңге болатын. Көрсеткіштің артығымен орындалуы меншік салығынан, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы, жеке табыс салығынан, азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер және өзге де салықтық емес түсімдер есебінен жүзеге асты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында кіріс көздерін ұлғайта түсу тапсырмасы берілді. Әсіресе, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылса да, салықтан жалтарып жүрген білім және өзге де салаларға қатысты мекемелердің қаржылық әрекеттерін зерделеу, тиісті шешім қабылдау мәселесі терең талқыланды. Жауапты басшыларға тапсырмалар берілді.
Кіріс көлемін көбейту, қаржы саласындағы жұмыстарды күшейту, «көлеңкелі экономиканың» жолын кесу бағытында міндеттер қойылды.
– Жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, өзіндік кіріс көлемін көбейту – басты міндет. Аудан, қала әкімдері, қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жауапты басқарма басшылары Мемлекеттік кірістер департаментімен осы бағытта жұмысты жандандырулары тиіс. Біз бір-бірімізге сыни көзбен қарамасақ, алға жылжу, даму болмайды. Кәсіпкерлерге салық төлеудің маңызын түсіндірген жөн. Сауда орындарын, кәсіпкерлік нысандарын тіркеп, жұмысты жүйелеңіздер. Облыстың өзіндік кірісі ұлғайғанда ғана күрделі мәселелерді шеше аламыз. Бюджетті молайтуда биік меже қою қажет, – деген Дархан Сатыбалды жоспарды орындамаған аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтты.
Алты айда салықтық түсімдер бойынша бюджетке 91,8 млрд. теңге көлемінде түсім түсіп жоспардың 108,8%-ын құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша 15,0 млрд. теңге түсім түсіп, жоспардағы 13,0 млрд. теңгеден жоғары болды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 14,0 млрд. теңге түсіп, артығымен орындалды. Негізі қойылған меже 11,3 млрд. теңге болатын. Өңірде кіріс көздерін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды. Салық органы тарапынан кәсіпкерлік қажеттілікте пайдаланылатын объектілердің бағалау құнын анықтау, салық төлеу мәдениетін көтеру және қаржы саласына қатысты жұмыстар атқарылып келеді.
Түркістан облысы Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, сел орын алған болатын. Салдарынан бірнеше үйді су басып, зақымданды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы 42 үй […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын […]
Түркістан қаласында жыл басынан бері бюджеттің 6 миллиард теңгесі игерілмей қалған. Бұл жайлы руһани астана тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Алайда, өңір басшысы нақты қай салаға қаралған қаражаттың игерілмегені жөнінде нақтылғана жоқ. Десе […]
Пікір қалдыру