Өткен жылы республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылдың дамуы жолдардың жөнделуімен, көшелердің жарықтандырылуымен тікелей байланысты.
Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта биылғы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай (Шіркін), Ж.Шамет, Сағым, Жаңғыру, Абай тұйық (Қасымбек датқа ауылы), Жастар, Одаманов, Ы.Шалабаев, Шынарлы, Самал және Абай (Тоған ауылы) көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төселетін болады.
Айта кетейік, аталған көшелерді асфальттау жұмыстары аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен, «Дан-Строй-Проект» ЖШС техникалық қадағалауындағы «EL-KZ 2020» ЖШС, «Тумар-СтройПроект» ЖШС мердігер мекемелер тарапынан атқарылады.
Автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 400-ге жуық нысан және 1250 шақырым жолдар мен елді мекен көшелері қамтылады. 780 шақырымнан астам жолды биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79%-дан 81,4%-ға дейін арттыру көзделуде.
Сайрам ауданында басқа көшелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған және қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Заманауи және қауіпсіз жол жағдайларын жасау-жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ экономиканы дамытуға және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды жақсарту жалағасын таппақ.
Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың га алқапқа күздік астық егуді бастады. No-till технологиясы – нөлдік өңдеу жүйесі, не сүр танапсыз тікелей себу бойынша алғашқы сынағы өңірде осыдан 3 жыл бұрын басталған. […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен израйлдық инвесторлармен және «BS-Agro Produst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері арасында тәлім егістікте суды қажет етпейтін бақша дақылын егу мәселесі бойынша кездесу өтті. Аймақ басшысы қазақстандық «BS-Agro Produst» компания басшылары […]
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты. Кеңес барысында […]
Пікір қалдыру