Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі – «Отырар» шағын ауданында орналасқан 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды нысандарға барып, жұмыс барысын тексерді. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
– Тұрғын үйлерге тиісті қаражаты бөлінген. Мемлекет пен халық алдында жауапкершілік алған соң жұмысты сапалы атқарған жөн. Үйлер талапқа сай әрі уақтылы тапсырылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды мердігерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Үйлерге кіріп, пәтерлерді аралап көрді. Сапасын тексерді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «Отау строй», «Дос и К сервис», «Ақ-Жол», «Ынтымақ Бес-Арыс», «CK NEW CITY», «РСУ-1», «TOLAGAI-2050» ЖШС-лері жүргізіп жатыр. Бас жобалаушы – «Project Building» ЖШС.
Құрлысшы мердігерлер облыс әкіміне жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. 11,4 га жер көлемі бар кешендегі жалпы пәтер саны – 800. Пәтерлердің ауданы 50 414 шаршы метрді құрайды. Өткен жылдың тамыз айында басталған тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Айта кетейік, облыс құрылғаннан бері құрылыс қарқыны 2,9 есеге өсті. 176 көпқабатты үй салынды, 40 мыңдай отбасы жаңа пәтерге ие болды. 232 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Түркістан қаласында шамамен 80 мың тұрғынға инфрақұрылым жасақталып, тұрғын үй салынды. Жаңа шағынаудандар бой көтеріп, талай отбасының баспана мәселесі шешілді.
Биыл бюджет есебінен 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй салу жоспарланған. Жеке қаржы есебінен салынатын жер үйлер жоспары – 781,851 мың шаршы метр. Сонымен қатар 2024 жылы жалпы 145 000 шаршы метрді құрайтын 191 үй салу жоспары бекітілді. Қазір 159 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2600-ден астам азамат баспаналы болды.
Түркістан облысында праймериздің дауыс беру кезеңі аяқталды. «Nur Otan» партиясының бұл іріктеуіне өңірде қызығушылық өте жоғары болды. Жалпы 78262 партия мүшесінің 72973-і (93,2%) өз таңдауын жасады. Олардың 62990-ы онлайн режимде, ал 10 мыңға жуық […]
Алты жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды 30 тамыз – Конституция күніне арналған салтанатты шарада […]
Мақтаарал ауданындағы жаңа ықшам ауданда 386 үй мен бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерген. Құрылыс алаңын аралаған аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев кезекті жұмыс сапары барысында құрылысы қарқын алған жаңа желілік саябақ пен гүлзарлардың абаттандыру жұмыстарын […]
Пікір қалдыру