ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары аясында Қарасу ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды.
Сайрам ауданының жастары көптеген спорттық сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Осыған орай, аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға қолдау таныту, спортшыларға серпіліс сыйлау мақсатында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Сапар барысында аудан басшысы Арман Сәбитовпен және жауапты тұлғалармен бірге спорт нысанының жағдайын жіті саралады. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне тез арада берілуін тапсырды.
Аталған нысанның қажетті қаржысы бюджеттен қаралып, құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде «ЮгТехНадзор» ЖШС техникалық қадағалауындағы «НурТехСервис» ЖШС мердігер мекеме тарапынан іргетас құю, қабырға қалау, шатыр жабу жұмыстары толық аяқталды. Алдағы уақытта сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп, спорт кешені биыл тамыз айының соңында пайдалануға берілу жоспарлануда.
Айта кетейік, жалпы аудан аумағында 406 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде, 109 спорт зал, 266 спорттық алаң, 2 стадион, 3 спорттық кешен, 1 жүзу бассейні, 1 оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық, 2 теннис корты, 21 жабық футбол алаңы бар.
Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты. «Ауыл шаруашылығын дамыту: […]
Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалық етуімен санитарлық нормаларды сақтай отырып мобильді топ отырысы өтті. Жиынға қалалық ауруханаларда, жекеменшік дәріханаларда дәрі- дәрмек тапшылығын жою мақсатында, қала әкімінің тапсырмасымен құрылған […]
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында облыс тұрғындары жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген […]
Пікір қалдыру