Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнай ықатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны
1 млрд. 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған жобалар Облыстың экономикасының дамуына, келбетінің келісіне сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейінің азаюына орасан зор пайдасын тигізеді.
Атап айтсақ, Түркістанда бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынбақ. Жобаның жалпы құны 270 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтан 11,8 гектар жер учаскесі нақтыланған. Онда 18 қабатты қонақ үй, аквапарк және вилла кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Ал ауқымды инвестициялық жоба «Chian Chuangshi Construction Group» компаниясына тиесілі.
Сонымен қатар аймақта баламалы энергия көздерін өндіру бойынша да бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, қуаттылығы 500 МВт бу-газ қондырғысы және қуаттылығы 300 МВт күн электр станциясы, сондай-ақ электр желісінің металл тіректерін және энергия жинақтау жүйелерін өндіретін зауыт базасында электр станциясын салу туралы шешім қабылданды. Аталған жобаларды іске асыру үшін Бәйдібек, Сауран, Түлкібас аудандарынан жер телімдері нақтыланды. Қуат көзін көп қажет етіп, өзге өңірлерден алып тұтынатын Түркістан облысы үшін жоба аса маңызды. Қазіргі таңда Қытайдың «China Energy Overseas Investment Co.,Ltd» компаниясы жобаға жалпы 915 млн АҚШ долларын бөліп отыр.
Осымен қоса Ордабасы ауданында «Central Asia Aluminium» ЖШС алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт құрылысы басталмақ. Құны 17 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады.
Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде.
Ал, жалпы кездесуде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде 3,7 млрд доллардың жобасына қол қойылды. Ірі басқосуға 500-ден астам бизнес өкілі мен қытайлық 70 ірі компания басшылары қатысты. Осы кеңестің нәтижесінде, қос елдің бірлескен жобалары жүзеге асады. Қытай тарапы инвестиция құяды. Мәселен, Маңғыстау облысында электр станциясы салынады. Нысан жоспар бойынша, 2026 жылы пайдалануға беріледі. Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты екі есеге артады. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының қуаты көбейеді. 2027 жылы Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт іске қосылады. Өндіріс орнында амин қышқылы, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебегі шығарылмақ. Зауыт іске қосылғанда 600 адам жұмыспен қамтылады. Бұл тек Түркістан облысы ғана емес, еліміздің әлеуетінің артуына сеп болмақ.
Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық дайындалуда. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Орталықтың жалпы аумағы […]
«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған. Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Барлық байқаулар Turkistan_jastary […]
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Пікір қалдыру