Түркістан облысында денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға жауапты басшыларды жинап, құрылыс барысын пысықтады. Медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуда олқылыққа жол берілмеуі керек екенін айтты.
– Әрбір нысанның күрделі жөндеу жұмысы, құрылысы бақылауда тұр. Мердігерлермен дұрыс жұмыс жүргізіңіздер. Жауапты басқарма басшылары әрбір нысанның басы-қасында жүріп, жұмысты үйлестірсін. Нысандардың құрылысы, материалдары, сәулетіне мән берілсін. Жоспардан ауытқу болмасын. Кестеде қай уақытта беріледі, дәл сол уақытта тапсырылуы тиіс. Жұмысты ширату бағытында ұсыныс беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте өңірде күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандардың қазіргі жай-күйі айтылды. 2024 жылға 7 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. Бүгінгі таңда 3 нысан – Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы, Созақ аудандық орталық ауруханасы, «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханаларының ЖСҚ-лары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Кентау қалалық орталық ауруханасына, Келес аудандық «Абай» ауруханасына және Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Боралдай» медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орын ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына мердігерлер анықталған. Жұмыстар басталған. Өңір басшысы осы нысандарға қатысты мәселелерді толық шешуді тапсырды.
Бүгінгі таңда облыстың ауылды елді мекендерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарына қажеттілікті жою бойынша 2 бағытта жұмыстар жүргзілуде. Олар: жекеменшік клиникасы бар ұйымға ауыл тұрғындарын тіркеу арқылы медициналық нысан салу және әлеуетті инвестор салған дайын ғимаратты сатып алу арқылы іске асыру. Осы 2 бағытта Денсаулық сақтау басқармасының дайын үлгілік жобаларын қолдану арқылы бірыңғай нысандар салынады деп жоспарланған.
Айта кетсек, өңірде Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым мен 130 жекеменшік мекеме бар. Медициналық мекемелерге барлығы 2 060 903 адам тіркелген болса, оларға 35 714 дәрігер қызмет көрсетеді.
Түркістан облыс аумағында тұрғындар санының көбеюіне байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді. 2024 жылдың 5 айында қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 22,2%-ға жетіп отыр. Жыл қорытындысымен межені 26%-ға жеткізу жоспарланған. Қазығұрт, Отырар, Шардара, Бәйдібек, […]
Қазір барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс өткізу мерзімі 30%-ға қысқартылды. Бұған дейін мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келген болатын. Аталған […]
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Түркістан қаласы тағы бір заманауи демалыс аймағымен толықты. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жасанды көлі бар жаңа саябақ салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу шарасына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров […]
Пікір қалдыру