Түркістан облыс аумағында тұрғындар санының көбеюіне байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді. 2024 жылдың 5 айында қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 22,2%-ға жетіп отыр. Жыл қорытындысымен межені 26%-ға жеткізу жоспарланған. Қазығұрт, Отырар, Шардара, Бәйдібек, Келес аудандары аумағында қоқыстарды сұрыптау немесе қайта өңдеу кәсіпорындары болмағандықтан қоқыстарды қайта өңдеу көрсеткішін орындау күмән келтіруде.
Түркістан облысында 2,1 млн адам тұратын 800-ден астам елді мекеннің 361-і қоқыс шығару қызметімен қамтылған. Аудан, қалалар аумағында 151 қатты тұрмыстық полигон орны белгіленген. Оның 32-сі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлімге, 76-сы ауыл әкімдерінің және 43-і сенімгерлік басқаруға берілген. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде облыстағы 151 полигонның 71% талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Қоқыс полигондары мәселесі Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде арнайы талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
– Аудан, қала әкімдіктері мен жауапты басқарма ұсынған деректерде алшақтық бар. Нақтылап, шынайы ақпаратты ұсыныңыздар. Қатты тұрмыстық қаллық тастайтын полигондардың бәрі санитарлық талапқа сай әрі сапалы болуы тиіс. Тұтас зерделеп, қадағалаңыздар. Қоқысты өңдеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтың айтуынша, облыс әкімімен Түркістан облысы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестендірудің 3 жылдық жоспары әзірленіп, бекітілген. Алайда аудан, қала әкімдіктерімен осы күнге дейін жұмыс жүргізілмеген.
2023 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ арқылы облыс аумағында ғарыштан түсірілім жасалып, елді мекендер аумағында қатты тұрмыстық полигонның сыртында бей-берекет қоқыстар тасталған 414 нүкте анықталған. Ал 2024 жылы 19 нүкте анықталып отыр, қазіргі уақытқа тазаланғаны – 3. Яғни, тұрғындар елді мекен аумағында заңсыз әрі тұрақты түрде қоқыс тастауды жалғастыруда. Бұл мәселені шешу бойынша да міндет жүктелді.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданына барып, аудан активімен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты. Кездесу барысында […]
Елімізде атом электр станциясын салу туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Кейінгі жылдары бұл мәселе бірнеше рет талқыланып, соңғы онжылдықта қайтадан күн тәртібіне шықты. Себебі сарапшылардың болжауынша, қа¬зір электр энергиясына сұ¬ра¬ныс күннен-күнге артып, 2030 […]
Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде «Шымкентцемент» ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды. Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция […]
Пікір қалдыру