Алматы қаласында Most hub Almaty-ның ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтуде. Аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысып жатыр.
Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық аймағынан IT саласына қызығушылар келіп, жан-жақты идеялармен бөлісуде. Шара барысында жасанды интеллектінің тиімді тұстары түсіндіріліп, chatgpt бағдарламасының мүмкіндіктері айтылды.
Хакатон аясында:
– Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында туындайтын субъективті факторларды төмендету мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдананатын бағдарламалық шешім әзірлеу,
– Бейнебақылау камераларынан алынатын ақпараттарды ақылды шешімдер арқылы талдау жүргізуге (іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау, өрт шығу, су басу, қылмыстық мінез-қылықтарды, сипаттамалар арқылы жоғалған адам, заттарды анықтау) арналған бағдарлама жасау концептуалды жобалары әзірленді.
Аталған шешімдер алғаш болып пилоттық түрде Түркістан облысында сыналатын болады.
Түрлі бағытты қамтыған тәжірибе алмасу, креативті индустрияның да дамуын көрсетеді. Бүгінгі таңда кез келген саланың жаңа, озық деңгейге жетуіне ІТ мамандарының үлесі басым.
Креативті индустрия елімізде кенже дамыған салаға жатады. Сондықтан шығармашылық индустрияны дамыту — туризм саласын өркендетуге серпін береді.
Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстан Республикасынан 500 млн. теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды. Тиісті дәрілер дәріхана сөрелеріне жақын күндері түседі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып сатылатын болады. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев облыстық өңірлік […]
Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң көптеген нысандар Түркістан облысының меншігіне өткен болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен […]
Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде «Нұржан» шаруа қожалығы 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келеді. Онда қызанақтың 40 түрлі сорты егіледі. Атап айтқанда, қызанақтың черри сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың 23 […]
Пікір қалдыру