Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң көптеген нысандар Түркістан облысының меншігіне өткен болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бірқатар нысандарды коммуналдық меншікке өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Екі жақты арнайы Жол картасы әзірленіп, қазіргі таңда бірінші кезең бойынша 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оның ішінде, Республика даңғылы 41/8-дегі білім басқармасының ғимараты, Әл-Фараби алаңындағы кітапхана, үш тілде оқытатын 500 орындық Маржан Тасова атындағы №12 мамандандырылған мектеп-интернаты КММ және Абай ауданындағы темір жол желісі бойынша шешімдер қабылданған.
Ал, Тәуке хан даңғылы, 6-шы үйдегі әкімшілік ғимаратын, Қазыбек би көшесі, 9-үйдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратын қаланың меншігіне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Келесі жылы Орталық саябақта орналасқан «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты қала балансына беріледі. Жергілікті мекемелерді өз ғимараттарымен қамтамасыз ету қала бюджетіне түсетін шығынды азайып, үнемделген қаржы қаланы дамытуға жұмсалады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы салынып жатқан ғимараттарға көшіп, босағаны бірте-бірте қаланың коммуналдық меншігіне өтетін болады.
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті — туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған […]
Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, Ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті […]
В Шымкенте по распоряжению начальника Департамента полиции города прошло профилактическое мероприятие «Таза қала» («Чистый город»). Его главной целью было укрепление общественного порядка, повышение уровня благоустройства и формирование у горожан культуры бережного отношения к городской среде. […]
Пікір қалдыру