Түркістанда жылына 72 мың данадан аса темір-бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы «Нұр Строй ЛТД» ЖШС мекемесінің жұмысымен қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков арнайы танысты. Ал кәсіпорынның осы күнге дейінгі жетістіктерін мекеме басшысы Жеңіс Аманбаев аралау барысында мәлімдеді.
Аталған кәсіпорын 2008 жылы іске қосылған. Бүгінде мекемеде 200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның жылдық айналымы 6 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ мұнда айына 5 мыңнан аса темірбетон, 4 мың тоннадан астам асфальт жабындысы, темір қоршаулар, темір бағаналар, плита жабындылары, т.б үй жағдайына қажетті құралдар өндіріледі.
Айта кетейік, Түркістан қаласында өнеркәсіпті дамытуға біршама көңіл бөлініп келеді. Оған дәлел, өткен жылы шаһардың негізгі капиталына тартылған инвестициялар арқылы қалада «Ali Construction Group» ЖШС, «Grand Strоy Kaz» ЖШС, «Бозарық АБЗ» ЖШС секілді ірі жобалар жүзеге асырылып, биыл 159 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Одан өзге, Түркістан қаласының индустриалды аймағында 20 кәсіпорын іске қосылып, мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. Ондағы кәсіпорындар – жиһаз жасау, күйдірілген кірпіштер дайындау, бетон бұйымдары, жол құрылысы материалдары, темір торлар, POS терминалдары сынды өнім түрлерін шығарады.
Сонымен қатар биыл жол құрылысына қажетті материалдар мен бетон бұйымдарын жасауға бағытталған 3 ірі кәсіпорынды іске қосу көзделген.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қала әкімдігінің жанынан құрылған Экспорт жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтты. «Бүгінгі таңда қалада тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс жасайтын 35 […]
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын жақында мармелад өндірісінің жаңа желісін іске қосқан. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті. Жаңа […]
Пікір қалдыру