Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.
– Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды былай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілістерінде талқыланады.
Жиында Түркістан облысындағы 10 индустриалды аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағының қазіргі жай-күйіне талдау жасалды. Облыста өндірісті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриалды аймақтар құру жоспарланып, аудан қалалар тарапынан техника-экономикалық негіздемелер және соның негізінде жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, нәтижесінде, облыс бойынша индустриалды аймақтар құрылған.
Нәижесінде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат қалыптасуда. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда инвестиция құны 190 млрд. теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асыруда.
Бүгінде Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы индустриалды аймақтарында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды.
Облыста индустриалды және өндірістік аймақтарды кеңейту, газбен, сумен, электрмен, инфрақұрылыммен қамту және жаңа инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады.
Келес ауданында «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 28 шақырымды құрайтын 30-қа жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біртілек ауылдық округінде — 18 көше, Ошақты ауылдық округінде — 7 көше, Қошқарата ауылдық округінде — […]
Кентау қаласының 64 жылдығына орай, «Кентау полиметалл» ЖШС ашылу салтанаты өтті. Айтулы шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «Кентау полиметалл» ЖШС-ң басшысы Дмитрий Копченко қатысты. Сондай-ақ, ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Әбілов ашылғалы […]
Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың га алқапқа күздік астық егуді бастады. No-till технологиясы – нөлдік өңдеу жүйесі, не сүр танапсыз тікелей себу бойынша алғашқы сынағы өңірде осыдан 3 жыл бұрын басталған. […]
Пікір қалдыру