Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр.
Бұл орайда, заманауи, соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған жиһаз өндіруші «Asia Brand» кәсіпорыны ел экономикасының артуына елеулі үлесін қосуда.
Жиһаз өндіру бойынша нарықта 13 жылдан астам тәжірибесі бар «Asia Brand» ЖК жиһаз өндірісін бір қызметкермен бастаған.
Компанияның бас директоры Ұйғын Әбішевтің айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Облыс орталығында жылына Түркістан қаласының брендіне айналған ас үйге және жатын бөлмесінің жиһаздар мен шкафтың 22 мың данасы өндірілуде. Компания өз өнімін сату үшін Қазақстанның барлық ірі қалаларында 14 қойма ашса, бұдан бөлек Өзбекстан және Ресей мемлекеттеріне экспорттап жатыр.
Ұйымшыл ұжымда түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында еліміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп жүр. Саланың сан қырлы ерекшелігін мінсіз меңгерген оларды өз кәсібінің шынайы майталмандары деуге болады.
Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өткен салтанатты жиында «Asia Brand» кәсіпорыны Президенттің «Алтын сапа-2023» сыйлығына ие болды. Аталған кәсіпорын диплом, байқау эмблемасымен және жеңімпаздарды келесі кезең – ТМД-ның өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы байқауына қатысуын ынталандыру үшін 450 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақымен марапатталды.
Және де, Түркістан облысында тәулігіне 1200-ге жуық ірілі-ұсақты жиһаз жасайтын кәсіпорын бар. Олар мектеп, балабақша, жалпы түрлі кеңселер мен мекемелерге таралады.
Цех өз жұмысын 2013 жылы бастаған. Бүгінде айына 140 тонна пластик бөтелке мен оның қақпағын жинап, сұрыптайды. Қалдықтарды арнайы ұнтақпен жуып, аппарат арқылы майда қалыпқа келтіреді екен. Ал, дайын болған өнім Ресейге жөнелтіледі.
Биылдан бастап тұрақты жұмыс режиміне көшкен кәсіпорынның жобалық құны 3 млрд 100 миллион теңге. Оның 2 млрд 500 млн теңгесі – кәсіпкердің өз қаражаты. Бүгінде мұнда 100-ге жуық адам еңбек етуде. Олар тәулігіне 3 тоннаға жуық металды кәдеге жаратады.
Бүгінде Түркістан облысында жиһаздарға сұраныс артқан. Сарапшылар оның себебін өңірде көптеп салынып жатқан мектептермен байланыстырады. Мәселен, өткен жылы облыста 29 жайлы мектептің құрылысы басталған. Биыл тағы 34 білім ошағы бой көтермек. Солардың барлығынан жиһазға тапсырыс түседі деген сенімде.
Түркістан облысы Полиция департаментінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға департамент басшылығы, қала және аудандық полиция бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кеңесте 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер […]
Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың га алқапқа күздік астық егуді бастады. No-till технологиясы – нөлдік өңдеу жүйесі, не сүр танапсыз тікелей себу бойынша алғашқы сынағы өңірде осыдан 3 жыл бұрын басталған. […]
Түркістан облысы еліміздің оңтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылығы мен туризм саласында ерекше әлеуетке ие өңір. Соңғы жылдары бұл аймақта индустрияландыру бағытына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның жарқын дәлелі – Сауран ауданында қарқынды түрде жүзеге асып […]
Пікір қалдыру