Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен білім саласына бағытталған бұл жобаның ауқымы кең.
Іс-шара барысында әр аудандық білім бөлім басшылары жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарын қорғады. 17 аудан 17 түрлі инновациялық жобаларын таныстырды. Балалардың мультимедиялық форматта білімін жетілдіретін заман талабына сай жаңашылдықтар менеджменттік қабілетті арттырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне серпін бермек. Осы арқылы балалардың да сабаққа деген зейіні артады.
Жобалардың басым бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруды көздейді. Оқу-әдістемелік үдерісті оңтайландырып, жаңа әдісті интеграциялау арқылы балаларды қауіпсіз, қызықты тәсілдермен білімге құштар ету қажет. Нәтижесінде Түркістан облысының білім сапасы одан ары артады деген сеніміміз мол.
Өңірдегі білім беру ұйымдарында «Е-асхана», «Е-Кітапхана», «BilimLand» , «Face ID» сынды автоматтандырылған жүйелер пилоттық тұрғыда тексеруден өтіп, оңтайлы нәтижесін берді. Жәрмеңкеге «Алақан» жобасы, «Tolem», «MATATALAB» роботы, «IoT board», Codroneробототехникалық құралдары көрсетіліп, түрлі басылымдар мен логикалық Intellectum вертуалды ойындар сынды жаңа технологиялар ұсынылды.
Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл — Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі […]
Ордабасы ауданындағы ауылдық округтердің әкімдеріне салтанатты түрде жаңа тракторлардың кілті табысталды. Олардың ішінде Бадам, Шұбарсу, Шұбар, Бөржар, Төрткүл, Жеңіс, Қараспан, Бөген және Қарақұм ауылдары бар. Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Азат Оралбаев жаңа техникалар елді […]
Ордабасы ауданында кей салаларда жұмыстың жүйесіздігі байқалады. Өйткені, бәзбір көрсеткіштер жылдық жоспарға сай емес. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Мәселен, ауылшаруашылығының өнім көлемін биыл 83 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Астана бекіткен бұл […]
Пікір қалдыру