Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, біқатар нысанды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды.
Облыс әкімі Ақсукент ауылдық округі, Манкент ауылында салынып жатқан «Nurym Group» түйіршіктелген құрама жем зауытының құрылыс алаңында болып, жеке инвестордың жобасының қазіргі жай-күйін бақылады.
– Өңірде «Іс бастаймын, кәсібімді кеңейтемін» деген азаматтарға мүмкіндік көп. Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу қажет. Әкімдіктен арнайы жер бөлу, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарына қолдау болады. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағдарламалар да бар. Зауыт, фабрикалар ашпасақ, халыққа жақсы жұмыс орындарын ұсынбасақ, өңір экономикасы көтерілмейді, – деген Дархан Амангелдіұлы жоба құрылтайшысы Сырым Ертаевпен ауыл шаруашылығын дамыту бағытында пікір алмасты. Жаңа бастамаларды жүзеге асыру маңызды екенін айтты.
«NURYM GROUP» ЖШС ауыл шаруашылығы жылқы, ірі қара, ұсақ малдарға арналған құрама жем шығарумен айналысуды көздеп отыр. Зауыттың құрылыс жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған. Кәсіп иесі биыл қазан айында нысан құрылысын аяқтап, өндіріс орнын жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары 60%-ға орындалған.
Түркия елімен жүргізілген келіссөздер негізінде қондырғылар маусым айында толық жеткізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарымен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Зауыттың барлық кезеңдеріндегі жұмыстар автоматтандырылған жүйелер және заманауи жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.
Зауыт сағатына – 20 тонна, жылына 2000 тонна өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Бұл жұмыстар жеке кәсіпкер есебінен жүргізілуде. 7,25 гектар аумақта орналасқан кәсіпорынның жоба құны – 2000,0 млн теңге. Мұнда 12 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылады.
Аудан болып құрылғанына 2 жыл болған Келес ауданында медицина саласын дамыту және ауыл халқын сауықтыру мақсатында айтарлықтай ірі жобалар қолға алынуда. Өткен жылы Келес аудандық ауруханасына 16 жас дәрігер жұмысқа қабылданып, мемлекеттен ақшалай көмек алып, […]
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 3600-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өтіп, оған 436,3 мың адам қатысқан. Сондай-ақ, облыста ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағытында 2019 жылдың 9 айында 466 спорттық шара […]
Жуырда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдегі электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, АЭС қолданбалы […]
Пікір қалдыру