Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 дауыс беру учаскесінде науқанға қатысушылар арасында үстел теннисі, дойбы, қол күресі, тоғызқұмалақ ұлттық ойындардар жарыс ұйымдастырылды. Республикалық референдумға өз таңдауын жасауға келген дауыс берушілер ойынға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Отырар ауданында арқан тартудан сайыс ұйымдастырылып, белсенділік танытқан азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша дауыс беру учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар өз басын куәландыратын құжат арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов БАҚ қызметкерлеріне арнайы пресс-тур аясында Түркістан қаласындағы жаңа нысандарды таныстырды. Алдымен арнайы топ әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Конгресс Холл» концерт залымен танысты. Ғимараттың аумағы — 6438 шаршы метр. Сарайдың бірінші қабатында […]
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Түркістан облысында тұрғындармен кездесу өткізді. Түркістан қаласындағы Конгресс-холлда өткен жиынға мыңнан астам адам қатысты. Зиялы қауым, дәрігерлер, педагогтар, кәсіпкерлер, ардагерлер мен жастар жаңа Конституция жобасын […]
Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың 9 айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді. Бүгінгі таңда өңірде жануарлар арасында ветеринарлық ахуал қатаң бақылауда. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы […]
Пікір қалдыру