Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жоба аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. Бұл жоба Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді.
Қытайдың іскер топ өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді. Басқосуда өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, тері өңдеу, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар білім саласы бойынша жаңа жобалаларға қатысты ұсыныстар айтылды. Көршілес елден келген инвесторлар аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді.
– Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Өңіріміз арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі шешуші рөліне назар аударып, оны экономикалық және технологиялық дамудың локомотиві ретінде атап өтті. Осы бағытта жұмыстарға күш салып, облыс аумағында қытайлық компаниялардың қатысуын арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз облыстымызда жұмыс істеуге келген әр инвесторға жағдай жасаймыз. Мен өзім әр инвесторға өзімнің жеке телефон нөмірімді беріп, өзім хабарласып отырамын. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды.
Қытай делегациясы тарапынан да бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен халық сұранысына сай салаларға бет бұратындарын атап өтті.
Елімізде жалпы Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің алар орны ерекше. Себебі, ауыл шаруашылық өнімінің басым бөлігі оңтүстік аймақтан шығады. Сондықтан да жәрмеңкені алғашқы боп Түркістан бастайды. Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша […]
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Нақты айтсақ, ауданда екі өндірістік аймақ құрылады және «Бадам» индустриалды аймағы 50 […]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылға Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14 үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» […]
Пікір қалдыру