Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, бүгін 2024 жылғы 5 қыркүйек күні Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізіледі.
Аталған оқыту семинарға Мақтаарал ауданының 62 учаскелік референдум комиссиясының төрағалары мен төраға орынбасарлары және хатшылары сондай ақ, аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинарда Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Қ.Құлажанов тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдум өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелері, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында, Г.Махамбетова референдум өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процессінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді ескертіп, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.
Референдум — еліміздің даму сатысындағы маңызды мәселелелер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру шарасы. Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі осы референдум арқылы шешілетін болады. Қазіргі таңда бұл бағытта барлық өңірде референдумға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. […]
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан […]
Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. […]
Пікір қалдыру