Елімізде АЭС салу мәселесі қызу талқылануда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы»
Жарлыққа қол қойды.
Ғалымдар, сала мамандары елімізге атом электр стансасын салу қажеттіліктен туып отырғандығын айтып отыр. Себебі, Президент жақындағы Жолдауында жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін баса атап өтті.
Жалпы, АЭС құрылысы тақырыбы қоғамда үлкен резонанс пен пікірталас тудыруда. Бұл проблема өте күрделі. Сарапшылардың пікірінше 2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясының тапшылығына тап болу мүмкін.
Бұл мәселенің шешімін табуымыз қажет. Халықпен бірлескен шешім қабылдау маңызды. Референдумды өткізу себебі де сондықтан. Өйткені, елдің пікірін ескермей, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданбайды.
Сондықтан, елдің болашағын ойлаған әрбір азамат дұрыс шешім қабылдау керек. Ал болашағымыздың қамын бүгіннен ойламасақ кеш қаламыз. АЭС-тің ертеңгі күннің еншісінде тиімді тұстары көп. Мамандар да дайын, бүкіл шикізат жеткілікті.
Жағдайды ескеріп, Жолдауда айтылғандай Президентіміз Тоқаев ел болашағын ойласақ атом электр станциясын салуға байланысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет екенін ұдайы айтып келе жатқанын мәлімдеді.
Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деді. Ендеше алда болатын референдумға атсалысып, байыпты шешім қабылдау маңызды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу […]
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелері «Мақтаарал аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілімен бірлесе, дауыс беруге арналған үй-жайларда мүгедектігі бар адамдар үшін жасалған жағдайларға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның негізгі мақсаты дауыс беру учаскелерде ерекше […]
Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр. Шымкент […]
Пікір қалдыру