Елімізде АЭС салу мәселесі қызу талқылануда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы»
Жарлыққа қол қойды.
Ғалымдар, сала мамандары елімізге атом электр стансасын салу қажеттіліктен туып отырғандығын айтып отыр. Себебі, Президент жақындағы Жолдауында жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін баса атап өтті.
Жалпы, АЭС құрылысы тақырыбы қоғамда үлкен резонанс пен пікірталас тудыруда. Бұл проблема өте күрделі. Сарапшылардың пікірінше 2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясының тапшылығына тап болу мүмкін.
Бұл мәселенің шешімін табуымыз қажет. Халықпен бірлескен шешім қабылдау маңызды. Референдумды өткізу себебі де сондықтан. Өйткені, елдің пікірін ескермей, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданбайды.
Сондықтан, елдің болашағын ойлаған әрбір азамат дұрыс шешім қабылдау керек. Ал болашағымыздың қамын бүгіннен ойламасақ кеш қаламыз. АЭС-тің ертеңгі күннің еншісінде тиімді тұстары көп. Мамандар да дайын, бүкіл шикізат жеткілікті.
Жағдайды ескеріп, Жолдауда айтылғандай Президентіміз Тоқаев ел болашағын ойласақ атом электр станциясын салуға байланысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет екенін ұдайы айтып келе жатқанын мәлімдеді.
Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деді. Ендеше алда болатын референдумға атсалысып, байыпты шешім қабылдау маңызды.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше еліміз бойынша дауыс берушілердің қатысуы бойынша көшбасшы мен белсенділігі төмендер анықталып жатыр. Соның ішінде Шымкент бойынша дауыс беруге қатысушылар 64,38 пайыз болып тұр. Таңертеңнен басталған дауыс беруге шымкенттіктер белсінді қатысуда. Олардың […]
Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөнінедегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Даңқты спортшы Қазақстанның болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа […]
Мерейлі отбасы облыстық байқауының І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады. Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын […]
Пікір қалдыру